Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында сейсможаттығу өткізілді
Сарыағаш ауданы білім бөлімінің 22.02.2024 жылғы №398 санды хатына сәйкес №10 Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернатында 2024 жыл 23 ақпан күні сағат 10.00-де төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында сейсможаттығу өткізілді.
Мақсаты:мұғалімдер,қызметкерлер және оқушылардың жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларына дайын болуы,сауатты іс-әрекеттер жасауы,сонымен қатар,апатты жағдайда өзін-өзі ұстай білу дағдыларын қалыптастыру....
Сейсможаттығу барысында барлық қызметкерлер мен оқушылар арнайы соғылған дабыл арқылы қауіпсіз алаңға шығарылды.
Әр сынып жылдам сапқа тұрғызылып, оқушыларға апат кезінде қалай сақтану керегі айтылып қана қоймай, тәжірибе жүзінде оқушыларға алғашқы көмек қалай жасалатыны көрсетілді.
«Жер сілкінісі», «Өрт қауіпсіздігі», «Су тасқыны» және «Техногендік төтенше» жағдайлар тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.