Consulting services can provide valuable insights, strategic guidance, pecialized

1901 Shiloh, Hawaii 81063

Shopping cart

Subtotal $0.00

View cartCheckout

Қандай адам білім алса тәуірлеп, сол ұшпаққа шығады екен дәуірлеп. © Ж. Балсағұни.

МЕКТЕП ТАРИХЫ

№10 Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернаты

Қандай адам білім алса тәуірлеп,

Сол ұшпаққа шығады екен дәуірлеп.

Ж. Балсағұни.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Т. Намазбаев көшесі №13 ғимартта орналасқан  №10 Қ. Сәтбаев атындғы мектеп-гимназия интернаттың іргетасы  1966 жылы қаланып, 1969 жылы ғұлама ғалым, академик -Қаныш Сәтбаевтың есімі берілген.

1969 жылдары мектеп-интернатты А. Аралбеков басқарды, содан кейін басшылық тізгінін Т. Алмаханов жалғастырып, мектеп-интернаттың әрі қарай өркендеуіне үлес қосқан басшылар: Р.Оспанов, Б.Ерменов,А.Сералиев, А. Аманбаевтар.

1982-1985 жылдар арлығында қоғам қайраткері, экс парламент депутаты  О. Асанғазиева басқарып мектеп-интернаттың  абаттандырылуы  мен білім сапасын көтеруде елеулі үлес қосты.

1985-2000 жылдар аралығында «Ы. Алтынсарин» медеальінің иегері, «Білім беру ісінің үздігі» Шораева Асия Мырзаханқызы басқарды.

1992 жылы мектеп- гимназия дәрежесіне көтерілу мақсатында сынақ алаң ретінде жұмыс істей бастады. 1992-1993 оқу жылында аудан әкімі мен облыстық білім департаментінің шешімімен мектеп –интернат гимназияға оқушылар мен мұғалімдер байқау негізінде қайта қабылдап, 1996 жылы аудан әкімі мен облыстық білім департаментінің шешімімен Мемлекеттік лицензиясын (серия ББ №0004084) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №154-601958 негізінде мектеп-гимназия интернаты статусын алды.

2000-2006  жылдары А. Барахова басқарып,  Республикалық «100 үздік мектеп» қатарына кіріп үлкен жетістікке жетті.

 2006-2008 жылдар аралығында А. Байзақов пен Қ. Қыстаубаев басқарды.

2008-20013 жылдар арлығында мектеп-гимназия интернатын «Ы. Алтынсарин» медальінің иегері К. Құрбанбаев басқарды.

2013 жылы Сарыағаш ауданы білім бөлімінің бұйрығымен Білім беру ісінің ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз — А. Бейсенова директор болып бектілді. Содан бері мектеп-гимназия интернатының оқу ғимараттары күрделі жөндеулерден өткізіліп, 2017 жылы мектеп жанынынан қосалқы  300 орындық жаңа оқу ғимараты салынды. 2017 жылы   А. Бейсенова Сарыағаш ауданының «Үздік директоры» атанды. 2018 жылы аудандық «Еңбек жарысының жеңімпазы» атанып 2-орынды иеленді. 2019 жылы екінші рет аудандық «Еңбек жарысының жеңімпазы» атанып 3-орынды иеленді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың мелекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін Құрмет гармотасымен наградталды. 2021 жылы тұңғыш президент «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2021 жылы «Ы. Алтынсарин» медальін иеленді.

 А. Бейсенованың басқарып отырған ұжымы қазіргі таңда бірқатар жетістіктерге жетіп отыр.

Соңғы бес жылды алатын болсақ тәрбие мен білім саласында жеткен жетістіктері ұшан теңіз. Соңғы бес жылда ҰБТ нәтижесі бойынша үздік үштіктен түскен емес. 2018-2019 оқу жылында оқушылар Республикалық, облыстық, аудандық байқауларда  жүлделі орындарды иеленіп келеді. Атап айтсақ 11-сынып оқушысы Бейсенов Байдаулет Халықаралық,Республикалық ғылыми жоба байқауында жүлделі 2-орын иеленді.  9 «ә» сынып оқушысы Құттыбай Айнур «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасы ІІ-орын, 10 «а» сынып  оқушысы  Досмуратова Нұрай  ІІ-орын, 2 «ә»сынып оқушысы Зәкір Әлібек Аудандық Менделеев олимпиадасы І-орын, 10 «а»сынып оқушысы Оразова Ұлмекен Тілдерді оқыту  және дамыту орталығының «Қанекей тілім,сөйлеші» атты облыстық байқауда  «Бас жүлде»  сонымен қатар «Үздік киім үлгісі» Дипломымен марапатталды. 9 «ә» сынып оқушысы Тұрлыбек Аида Аудандық пән олимпиядасынан география пәні бойынша  І  орын иеленген. 2019-2020 оқу жылында оқушылар Республикалық, облыстық, аудандық байқаларда  жүлделі орындарды иеленіп жыл сайын жоғары көрсеткішпен  келеді. Айта кетер болсақ 9 «а»сынып оқушысы   Сапарбаев  Төлеген «Көркем сөз» жаныры бойынша өнер көрсеткені үшін «Бас жүлде» иелеленді, 3 «ә»сынып оқушысы Сапарбай Аяулым «Вокал» жаныры бойынша өнер көрсетіп  І дәрежелі Дипломымен және А.Құнанбаев «Ұлттың ұлы мұрасы» эстрадалық вокал «Алтын жүлде» иеленіп келді. 2020-2021 оқу жылында 11 «а»сынып оқушысы Исаханова Аяулым химия пәні бойынша Аудандық олимпиадасында  І орын иеленді және Республикалық пәндік олимпиадасынан ІІІ орын иеленді.

Облыстық дәстүрлі көркемөнерпазадар фестивальінде соңғы бес жылда жүлделі 1,2-орындарды иеленіп келеді.

Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы дұрыс жолға қойылған. Мектепте түрлі жобалар жасалып жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ                 « 30 Есімді анықта» жобасы негізінде ауданымыздан шыққан айтулы тұлғалармен кездесулер, еске алу кештері өткізілуде.

Қазақтың ақын қызы — Ф. Оңғарсынованы еске алу кеші Республика көлемінде өткізілді.Қоғам қайраткері — Оразкул Азанғазиевамен, Қазақстан, Өзбекістан республикасы жазушылар одағының мүшесі жергілікті ақын Мұрат Бекеймен, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы — Назира Ташимбетовамен, ұлағатты ұстаз, Ыбырай Алтынсарин медельінің иегері- Оспанов Рахымберді ағамен, Педогогика саласының професоры-Өмірәлі Керімбековпен, білім саласының алып байтерегі, Оқу ісінің үздігі- Сайлау Мырзабаев сияқты танымал жандармен кездесулер ұйымдастырылып, қазіргі таңда өз жалғасын табуда.

Мектепте осы бағдарлама негізінде ардагер ұстаздардың құрметіне 8 атаулы кабинет ашылды.

Мектептің абаттандыру мен көгалдандыру жұмысына Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Е.Сағындықов пен облыс әкімінің орынбасары                        

Ұ.Садібеков, аудандық маслихаттың хатшысы Ж. Сүлейменовтар қатысты.

Мектеп жанында 300 орындық жатақхана бар. Жатақханада әлуметтік мәртебеге ие оқушылар жатып білім алады. Оқушылардың сапалы білм мен саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға үнемі демеушілер тарапынан, үкімет тарпынан қайырымдылықтар жасалып отырады. Барлық оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.